№13 колледжде Ұлыстың Ұлы Күні – «Наурыз» мерекесіне орай өткізілетін «Қош келдің – әз Наурыз!» он күндік мерекелік іс-шараның жоспарына сәйкес "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы пәндері бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Наурыз-тарту» ұлттық тағамдар байқауы болып өтті. Байқауға "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының І-ІІ курс білім алушылары қатысты.
№13 колледжде Ұлыстың Ұлы Күні – «Наурыз» мерекесіне орай өткізілетін «Қош келдің – әз Наурыз!» он күндік мерекелік іс-шараның жоспарына сәйкес "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы пәндері бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Наурыз-тарту» ұлттық тағамдар байқауы болып өтті. Байқауға "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының І-ІІ курс білім алушылары қатысты. Байқауға қазылықты колледж ұстаздары жасады. Білім алушылар өздерінің қолынан дәмі бал татитын ұлттық тағамдар әзірлесе, колледж кітапханашысы Тұрдалина Қалия апай арнайы наурыз көже дайындап ардагер ұстаздардың батасын алды.
Наурыз мерекесін тойлаудың негізі мақсаты – Қазақ жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
15 наурыз - “Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі” күніне орай №13 колледж қызметкерлері ұлттық киімді насихаттау челленджіне қолдау білдірді.