№13 колледжде 2022-2023 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторымен бірлесіп 1 курс студенттеріне жиналыс болып өтті. Жиналысты колледждің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Н.Шынаев жүргізіп отырды.
№13 колледжде 2022-2023 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторымен бірлесіп 1 курс студенттеріне жиналыс болып өтті. Жиналысты колледждің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Н.Шынаев жүргізіп отырды. Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры А.Е.Амиров «Трамадол» - жастар есірткісі» тақырыбында түсініктеме беріп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Полиция майоры А.Е.Амиров қазіргі кезде қоғамда және соның ішінде жастар арасында есірткілі «Трамадол» анальгетигін қолдануға қызығушылық көбейіп бара жатқандығын айтты. «Жастар қазіргі кезде рахат сезіміне бөлену үшін бұл препаратты кеңінен қолданады. Бұл препаратты қолдану - нашақорлықтың бір түрі болып табылады. Бұл затты қолданудың көптеген себептері бар. Кейбіреулері сіздің қоршаған ортаңызғ да байланысты, мысалы есірткі қолданатын достарыңыз бен таныстарыңыз бар. Препаратты қабылдаған тәуелділіктің қаупін арттырады. Трамадолды үнемі қолдану мидың жұмысына қатты әсер етеді, бұл сізге рахат сезімін сезінуге әсеретеді. Бұл сіз бастағаннан кейін есірткіні қолдануды тоқтату қиынға соғуы мүмкін. Қолданушы масаюға қол жеткізу үшін бірден 10 және оданда көп мөлшерде қабылдайды. Мұндай дозада ол есінен танып, қалшылдап, аузынан көбігі шығатын қояншық ауруына ұқсайтын ұстама ауруын туғызуы мүмкін. Препаратқа тәуелділігі артып кеткен жасөспірімдер мен бозбалалар үйлерінен заттарды ұрлап, туысқандарына өтірік айтып, сабақтарынан қала бастайды. Ақыр аяғында бұған себеп - препаратты қолдану екендігіанықталады. Трамадол - есірткіліанальгетик, апиынды рецепторлардың агонистік тобына жатады. Күшті анальгетикалық белсенділікке ие, жылдам және ұзақ әсер береді. Белсенділігі мен әсер етуі бойынша морфиннен кейінгі орында тұрады. Препаратты ұзақ қолданғанда оған толық тәуелділік пайда болады. Содан кейін адамның денсаулығы күрт нашарлап, айықпас дертке ұшырауы мүмкін. Сөзін қорытындылай келе, А.Амиров барша жастарды жаман әдеттер мен құқық бұзушылықтан, қылмыстан аулақ болуға шақырды. Күн тәртібіндегі түрлі мәселелер бойынша сөз сөйлеген колледжінің жастар істері бойынша инспекторы Е.Мамбетов, қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында түнгі мезгілде жүру фактілері жиілеп, төбелес, атыс, пышақтасу, ұрлық сияқты қылмыстар көбейіп тұрғанын айтты. Сондықтан осындай жағдайларды болдырмау үшін прокуратура, колледж және ата-аналар бірлесе жұмыс жасап жатыр. Ол колледж директорының бұйрығына сәйкес колледжде кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, анықтау және болдырмау, түрлі тәртіпсіздіктерді түпкілікті жою мақсатында мобильді топ құрылғанын хабарлады. Кейіннен сөз алған педагог-психолог А.Майлыбаева студенттерден алынған сауалнама және психодиагностика нәтижелері бойынша агрессивті және аутодиструктивті балалар анықталмағанын айтып кетті.