Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесі Абай ауылындағы орталық алаңда аталып өтті. Мерекеге ауданымыздан бес мыңға жуық тұрғын келді. Мерекелік думанды көруге келгендердің қатары жылдағыдан көп болды. Себебі бұл мейрам карантин режимі алынған соң алғаш рет кең көлемде аталып өтілді.

Жұртшылық бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамнан дәм татты. Солардың қатарын №13 колледж ұжымы өздерінің мерекелік бағдарламасымен қоса киіз үй тікті. Аудандағы өнер ұжымдарының дайындағын мерекелік бағдарламасы көптің көңілінен шықты. Театр актерлері жыл басы туралы қойылым сахналанса, әнші, бишілердің де өнері, жиналғандардың көңілін көтерді. Келес ауданының әкімі біздің киіз үйге кіріп, дәмнен татып, колледж ұжымына жыл басы, ұлыстың ұлы күні әз-наурыз мерекесімен құттықтады.
Ақсақал аталарымыз бата берсе, ару әжелерміз тойбастар айтып, тойдың көркін қыздырды.
- Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған. Ұлыстың Ұлы күні құтты болып, әрбір шаңыраққа бақыт, болашаққа деген сенім әкелсін! Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін, -деді Жәнібек Есенұлы.