Жарияланған 13 May 2023

«Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі»

Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 78 жыл толды.

Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 78 жыл толды. 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар толастамақ емес. Сол іс шаралар барысында №13 колледждің «SAMRUK» өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері және көркем өнерпаздар үйірмесі жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты тәрбиелік іс шара болып өтті. Іс шара барысында оқу бөлімінің меңгерушісі Оразимбетов Сәкен Есбердіұлы жастарды мерекесімен құттықтап, ыстық-лебізін білдірді. Өз сөзінде: «Біз үшін Жеңіс күнінің маңызы ерекше. Әсіресе ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерді ардақтау – перзенттік борыш. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Ендеше Тәуелсіз еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз!» Іс шара барысында «Worldskills Turkistan-2023» чемпионатының жүлделі орын иелеріне Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Динислам Болатханұлының алғыс хаты мен арнайы сыйлықтарын табысталды.