Жарияланған 10 May 2023

Абай ауылында орналасқан №13 колледж МКҚК-да 1 курс студенттерімен оқу-жаттығу далалық жиыны өтуде.

Бүгінгі таңда Келес ауданы Абай ауылында орналасқан №13 колледж МКҚК-да 1 курс студенттерімен оқу-жаттығу далалық жиыны өтуде.

Бүгінгі таңда Келес ауданы Абай ауылында орналасқан №13 колледж МКҚК-да 1 курс студенттерімен оқу-жаттығу далалық жиыны өтуде. "Алғашқы әскери дайындық" пәні бойынша 9-шы сыныптан кейін түскен І-курс студенттерінің оқу үдерісінде, жалпы АӘД оқу бағдарламасы бойынша 1 курста І-ші және ІІ-ші семестрде жоспар бойынша сабақ өткізілді және қазіргі таңда 5 күндік әскери -далалық жиын бойынша дайындық АӘД пәні мұғәлімі Бабаев Дартай ағай басшылығында нәтижелі түрде өткізілуде. Далалық оқу жиынында келесі тақырыптық жоспарлы дәрістер жүргізілуде:

1. Тактикалық дайындық; 2. Атыс дайындығы; 3. ҚР ҚК-нің жалпы әскери Жарғылары; 4. Саптық дайындық; 5. Әскери топография; 6.Санитарлық-медициналық дайындық. Бес күндік далалық оқу жиыны алғашқы әскери дайындық бойынша түрлі дағдыларды меңгеруге, қалыптастыруға мүмкіндік береді. Келешекте ҚР Қарулы күштері қатарындағы әскери қызметке жылдам бейімделуге және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді.