Жарияланған 15 December 2022

«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК!»

Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік XX ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды.

Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік XX ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік Тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз. Осындай жетістікке қол жеткізген күн бұл Тәуелсіздік күні! Бүгін №13 колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына байланысты «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Бүгін іс-шараны колледжіміздің директоры Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы ашып берді. Жақсылық Ақылбекұлы шәкірттермен колледж қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуымен құттықтап, жастарға бұл Егемендік оңайлықпен келмегенін айтып өтті. Желтоқсан оқиғасының куәгері колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Сатбаев Жеңіс Карлұлын құттықтап, колледіміздің даму жолында аянбай еңбек етіп, тер төккен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан қызметкерлерді марапаттап өтті. Тәуелсіздік мерекесіне бар ынта жігерімен үлес қосып, колледж студенттерінен құралған бишілер әншілер тобын дайындап, оларды сахнаға шығарған «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының жетекшілері мен шәкірттеріне колледж басшысы алғыс хатпен марапаттап өтті. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ашық тәрбие сағаты барысында Тәуелсіздік күнінің қадір қасиеті туралы көріністер қойылды. І курс №52 студенттері биімен ерекшеленсе, №45 топта оқитын шәкірттеріміз кешті патриоттық әндерімен әуелетті. Бүгінгі кешті ұйымдастырған білім алушылар мен олардың жетекшілері Г.Зульпухарова, Г.Уалиханова, Қ.Давлатбаевтарға және көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшілеріне колледж әкімшілігі ризашылықтарын білдірді.