Жарияланған 9 November 2023

БІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫ КАДР ДАЯРЛАУДА ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

07 қараша 2023 жылы Келес ауданына қарасы әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Келес ауданында орналасқан №13 колледжде "Білікті жұмысшы кадр даярлауда дуальды оқытудың тиімділігі" тақырыбында семинар өткізілді.

07 қараша 2023 жылы Келес ауданына қарасы әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Келес ауданында орналасқан №13 колледжде "Білікті жұмысшы кадр даярлауда дуальды оқытудың тиімділігі" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Келес өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Маденов Еркебұлан Сыдықұлы мен Келес ауданына қарасты кәсіпкерлер қатысты. Алдымен «Аспаз ісі» және «Кондитер безендіріуші» мамандықтары бойынша дайындалған «Тәп тәтті тағамымыз, Кондитер-Аспаз маманымыз» атты тәттілер жәрмеңкесі өтті. «Автомобиль көліктеріне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша колледждің өндірістік оқыту шебері Бекбаев Үсен Нұржанович «АУДИ В4 авто көлігінің қозғалтқышын шашып-жинау» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сыныпқа арнайы шақырылған кәсіпкерлер кіріп өздерінің қызығушылықтарын білдірді. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының ІІ курс білім алушыларына «Worldskills Turkіstan-2023» чемпионатында берілген халықаралық стандарттарды өндірістік оқыту шебері Қалбаева Ұлбике таныстырып өтті. Семинар колледждің конференция залында жалғасын тапты. Іс-шараны колледж директоры Ж.А.Козыбаев ашып беріп, дуальды оқытуды кеңінен насихаттап, серпінді ендіру, жұмыс берушілермен байланысты нығайту және колледждің жеткен жетістіктерімен бөлісті. Директордың өндірістік оқыту істері жөніндегі орынбасары Е.Н.Турсунбаев «Дуальды оқытудың шарттары мен құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама оқыды. Семинардың соңында Келес өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Маденов Еркебұлан Сыдықұлы ізгі тілектерін білдіріп, колледжбен өзара іс-қимылды дамыту керектігін айта келіп, келген қонақтарға ыстық-ықыласын білдірді.