"Халықаралық студенттер күніне" орай №13 колледж көркемөнерпаздар үйірмелерінің жетекшілері Тәжібаев Тұрлыбек және Алдиярова Элмира Құдайбергенқызымен "SAMRUK" өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен "Алтын күз ханшайымы" және "Алтын күз ханзадасы" атты колледжішілік байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты жастардың бойына экологиялық мәдениет қалыптастыру, дәнді дақылдардың еңбекпен келетінін ұғындыру. Байқау 5 шарттан құралды:

1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Қол өнер – үй тапсырмасы (табиғи материалдардан) жасау.
4. Дастархан мәзірі( күзгі ас мәзіріне арналған салат жасау).
5. Өз фантазиясы бойынша еркін тақырыпта сән үлгісін дайындау (сән үлгісімен таныстыру.)
Іс-шараны колледждіміздің тәрбие істері жөніндегі орынбасары Шынаев Нұржігіт Нұрмағамбетұлы ашып берді. 5 кезең бойынша әділ-қазылардың көңілінен шығып, жоғары ұпайға ие болған ІІ курс студенттері Абдивали Гүлсанам мен Махмуд Данияр бас жүлдені жеңіп алды. Жүлдегерлерді Келес аудандық "Жастар ресурстық орталығының" бас маманы Мархабай Нариман Аубакірұлы арнайы құттықтап, Келес аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Айбек Ташкенбайдың алғыс хатымен марапаттады. Алдағы уақытта да жеңісті күндеріміз көп болсын!