16-20 қазан аралығында Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында Біріккен ұлттар ұйымының Дүниежүзілік мамандандандырылған UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумы өтті
16-20 қазан аралығында Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында Біріккен ұлттар ұйымының Дүниежүзілік мамандандандырылған UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумы өтті. Дүние жүзіндегі 140 мемлекеттен келген туристік ұйымының мамандары туризм және қызмет көрсету салаларының дамуы аясында жасалып жатқан жұмыстарын толығымен таныстырды және тәжірибе алмасты. Елімізде 2018 жыл Өзбекстан жылы деп жарияланып, атап өтілген болатын. Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан) Білім басқармасының колледждері Ташкент қаласының қүрылыс, білім, қызмет көрсету салалары бойынша Меморандумдарға тұрып бірлесе іс-шаралар атқарып келеді. Осы меморандумдар негізінде Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты колледждер шақырту алып, UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумына қатысты. Форум барысында Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты колледждер Ташкент, Самарқанд қаласындағы колледжермен меморандумға тұрып қараша айынан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жұмыс жүргізу басталатын болып колледж басшылары келісім жасады. Форумның екінші күні Самарқанд қаласындағы Жібек жолы Халықаралық Туризм университетінде ғылыми конференция өтті. Конференцияға әлем университеттері мен колледж мамандары қатысты. Үшінші күні Самарканд және Ташкент қаласында орналасқан колледждерге барып аспазшылар, тігіншілер мен қолөнер шеберлерінің, сәулетші және құрылысшылардың шеберліктерін көріп отандық өнімдердің сапасын қолдау қажеттігіне аса мән берілді.