№13 колледжде Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы, полиция капитаны Садырбаев Тойбек Есіркепұлы №13 колледж білімалушыларына "Қатты тәртіп көрсе бала күнінде..." тақырыбында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, бопсалау, әлімжеттік, түнгі мезгілде жүрмеу, темекі зияндары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тойбек Есіркепұлы жастарға буллинг жасаған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берді. Буллингтен қорғану, жайсыз оқиғаға тап болғанда кураторға, оқу бөлім меңгерушісіне, психологқа не болмаса өзіне хабарласу керектігін ескертті. Өз тарапынан әрқашан да қолдау көрсеуге, әлімжеттікке тап болған студентке көмек беріп, заң тұрғысынан шара көруге дайын екенін аңғартты, сонымен қатар 1 курстарға күш көрсетіп, буллинг, кибергуллингті өзі жасап жүргендерге аяушылық болмайтынын ескертті, өйткені тәртіп жоқ жерде білім болмайтынын тілге тиек етті.