Жарияланған 30 September 2024

«ТӘРТІПТІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ - ОТБАСЫ»

№13 колледжде «Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы» тақырыбында колледжде ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде: 1. 2024-2025 оқу жылындағы топ студенттерінің тәртібі, сабаққа қатысымы, формасы және колледжішілік ережелер туралы; 2. Денсаулыққа зиянды заттарды қолданудың алдын алу ( темекі, спирттік ішімдіктер, нашақорлық, электронды темекі вейп т.с.с.) 3. Құқықбұзушылыққа жол бермеу ( жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар, ерте жүктілік, әлімжеттік т.б.) 4. Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру туралы.


Жиында алғаш сөз алған колледж директоры: Ж.Козыбаев бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру қажеттігін, перзенттерін назардан тыс қалдырмай үнемі қадағалауда ұстау қажеттігін тілге тиек етті. Сонымен бірге колледж қабырғасына қабылданған әрбір студент мемлекет қамқорлығында тегін білім алатынын, студенттер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғандығын айтып өтіп жиынды жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөзге шыққан Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция капитаны Садырбаев Тойбек Есіркепұлы қазіргі кездегі колледж студенттері мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау туралы баяндама жасап, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 12-тарау, 111,112-баптарының І-тармағы туралы оқушыларға түсіндіріп өтті. Онда 111-бапта ата-аналардың және заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөнінде міндеттерді орындамау, 2-бап І-тармағында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (түнгі сағат 22-00ден таңғы сағат 6-00ге дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша 111-бапта көрсетілген ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлеуге әкеп соғады. Ал енді қылмысқа барған білімалушыларға өзгеге дене жарақатын жеткізу, өзгенің мүлкін ұрлау, қорқыту тағы да басқа қылмыстық іс-әрекеттері үшін қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екендігін ескертті. Қорытындылай келе колледж қабырғасында немесе колледжден тыс жерде заңсыз көшбасшы, қылмысқа бейім колледж білімалушылары немесе басқа да тұлғалардың тарапынан ақша жинау, қорқытып тонау және басқа да заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда ҚР ҚК көрсетілген заңдар аясында шара көрілетінін айтты. барша ата-аналараға балаларының жаман әдеттер мен құқық бұзушылықтан, қылмыстан аулақ болуға шақырды.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Шынаев ата-аналарға балаларының сабақтан қалмауын қадағалап отыруды, сабақтан себепсіз қалдырмауды, сабақтан қалған жағдайда топ жетекшісіне ескерту керектігі жайлы, 1 күн сабақтан қалған студент бірнеше пәннен немесе модуль бойынша оқыту нәтижесінен қалып, шәкіртақыдан құлап қалатынын жайлы ескертіп өтті.


Колледждің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е. Мамбетов ата-аналарға балаларын сабақтан тыс уақытта колледжде ұйымдастырылған спорт, өнер үйірмелеріне және түрлі қызығушылықтары бойынша клубтарға қатыстыруға шақырды. Сонымен қатар ата-аналарға колледжге ұялы телефон алып келмеуін, алып келген жағдайда сабақ уақытында педагогтар алып, сабақтан соң беретінін жеткізді. Қазіргі кезде смартфонда баланың өміріне қауіп төндіретін ойын таралып жатқанын , сол ойынға кіріп, балалар арасында қайғылы жағдайлар орын алып отырғанын хабарлады. Ата- аналар үйде баласының смартфонын тексеріп, ойынға тіркелгенін , тіркелмегенін бақылап отыруларын ескертті. Ата-аналар да ұстаздар тарапынан телефонның ішіне кіріп, ұдайы тексеріп тұруына ұсыныс жасады. Ұстаздар бірауыздан келісім берді. Білімалушылар әкелген смартфондарға және жолғанған жағдайларға колледж әкімшілігі жауап бермейтінін атап өтті.
Күн тәртібіндегі түрлі мәселелер бойынша сөз сөйлеген «Әділ билер» РҚБ төрағасы, Келес ауданы төбе биі Ермеков Рахматулла Керімбайұлы: Қазіргі уақытта жалпы жасөспірімдер арасында түнгі мезгілде жүру фактілері жиілеп, төбелес, ұрлық, ерте жүкітілік сияқты қылмыстар көбейіп тұрғанын, алайда колледжден осы уақытқа дейін осындай жаман фактілер тіркелмегенін атап өтті. Сондықтан осындай жағдайларды болдырмау үшін прокуратура мен ішкі істер органдары және колледж педагогтары бірлесе жұмыс жасап жатқандығы бізді қуантады. Колледжде кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, анықтау және болдырмау, түрлі тәртіпсіздіктерді түпкілікті жою мақсатында осындай жиындардың берері мол екенін айтып өтті.


Келесі сөзге колледждің әлеуметтік педагогы Муртазаева Жансұлу Кенжеқызы отбасындағы алған тәрбиеге жүз мектеп тең келмейтінін, колледждің биылғы білім алушылардың бойындағы қасиеттерге тоқталып өтсе, педагог-психолог А.Майлибаева ата-аналарға арналған тренинг өткізіп, ата-аналардың көңілін көтеріп тастады.


Жиналысты қорытындылаған колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы қазіргі кезде колледжде мобильді топ құрылып, жұмыс жасап жатқанын және оның балалар көп шоғырланатын жерлерде (ойынхана, кафе, саябақ) кесте бойынша рейдтер жүргізіп жатқандығын, темекі, зиянды әрекеттерден балаларды аулақ ұстау керектігін жеткізіп, құқық бұзушылыққа бармау жөнінде бірқатар мәселелерді айтып өтті.