Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес Келес ауданы, Абай ауылы №13 колледжде «Педагогтың кәсіби дамуы – білім берудегі жаңару негізі» тақырыбында халықаралық тәжірибелік семинар өтті.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес Келес ауданы, Абай ауылы №13 колледжде «Педагогтың кәсіби дамуы – білім берудегі жаңару негізі» тақырыбында халықаралық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты халықаралық әріптестік саласын дамытуда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы білім беру ұйымдарындағы әріптестермен тәжірбие алмасу жәнедаярланатын мамандықтардың бір-бірімен байланысын арттыруда өзара ынтымақтастық аясында бірлесе жұмыс жасау.
2023 жылы 5 мамырында «№13 колледж» МКҚК мен Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласының 4 кәсіптік білім беру оқу орындарымен білім алушылардың мамандығына қызығушылығын арттыру және әріптестермен тәжірибе алмасу, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына ықпал ету мақсатында екі жақты келісім шарт жасалды.
Келісім шарт негізінде семинарға облыс колледждерінің мамандары мен Өзбекстан Республикасының жоғарғы білім, ғылым және инновациялар министрлігінің Ташкент қалалық білім басқармасының маманы Исмайлов Бекзод Даниерович, Ташкент қаласы «Ташкент экономикалық және индустриялық техникумы», «Ташкент туризм және қонақ үй менеджмент техникумы» оқу орындарының мамандары, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Баймұратов Сатжан Жанділдаұлы қатысты. Сонымен бірге Келес аудандық Жұмыспен қамту орталығының директоры Темірбаева Нурипа Құралқызы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Муталиева Айнур Бахтыманқызы, «Умаров» ЖК басшысы Умаров Нуржан Джурабекұлы, «Жаңа тұрмыс» ЖШС басшысы Тұрымбетов Құрманғали, «Тәттілер әлемі» ЖК Мамытбаева Айгерім Насридинқызы шақырылды.
Өзбекстаннан келген әріптестерді қарсы алуда аудандық музыка мектебінің ұлттық оркестрі шақырылды.Ұлттық ән шырқалып, күй ойнатылды.
Семинарды колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы ашты.
«Педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің білім берудегі маңызы» тақырыбында Баймұратов Сатжан Жанділдаұлы баяндама жасады. №13 колледж директордың өндірісте оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Турсунбаев колледж тарихы мен жетістіктері туралы таныстырды.
Ташкент туризм және қонақ үй менеджмент техникумы директоры Таниходжаев Саидазим Амануллаевич келешекте келісім шарт негізінде жұмысты дамыту туралы ұсыныстар жасады: екі жақты кездесулердің жиі болуын және семестр аралықтарында студенттердің білім алмасуын ұйымдастыру жұмыстарын алға қою мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты.
Әлеуметтік серіктестік –сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші айдары аясында колледждің ұзақ жылдар серіктесі болып келе жатқан ауданымыз кәсіпкерлері Н.Умаров, Қ.Тұрымбетов, А.Мамытбаевалар өз ойларымен бөлісті, колледж ұжымымен бірге атқарып жатқан жұмыстары туралы оңды пікірлерін білдірді.
Құзыреттіліктер бойынша WorldSkills халықаралық стандарттары негізінде тәжірибелік шебер-сыныптар ұйымдастырылды:
«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі аясында «Аudi В4» көлігінің қозғалтқышын бөлшектеу, жинау. Шанақ элементтерінің беткі пішінін қалпына келтіру. Автокөліктің пластикалық элементтерін жөндеу. «Қозғалтқыштың компрессиясы мен тығыздығын тексеру» жұмыстарын арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Бекбаев Нұрлыбай, Мамбеталиев Абдімәлік және шетелдік әріптестермен бірге шеберлік сабақтарын өткізді.
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша«Шокаладты конфет өнімдері», «Десерт» тағамдарын арнайы пән оқытушысы Нурмаганбет Динара, өндірістік оқыту шеберлері Хашимова Мастура, Кенжебаева Замира дайындалу түрлерін көрсетті. «Негізгі тағам ет-стейк дайындау», Торт (мастикамен жұмыс жасау) жұмыстарын Ташкент туризм және қонақ үй менеджмент техникумының студенті Гуломов Умарбек жетекшісі Шамсутдинова Элмирамен бірге көрсетті.
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының білім алушылары «48-өлшемдегі жеңі тұтас пішілген шапан дайындау», техникалық эскизін жасауды және муляж жасаудың әдістері арқылы тәжірибелік шебер-сынып көрсетті.
Арнайы пән оқытушысы Тұңғышбай Аринов WorldSkills стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтиханды бағалау бойынша «CIS» бағдарламасы арқылы бағалау жүйесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы студентері өздері тіккен киім үлгілерін «Дефиле шоу» арқылы «Этноспорттық киім», «Сылқым құрақ, « Біз кесте»,«Інжу-маржан» сән топтамаларын таныстырды.
«Кәсіптік білім жүйесінде студенттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселелері туралы» «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігінің бас сарапшысы Кинатов Мурат және «Сән технологиясы» құзыреттілігінің бас сарапшысы Омарбаева Кулжан ЗУМ бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығып, жоспар бойынша артқарылған жұмыстарын баяндап, өздерінің жеткен жетістерімен бөлісті.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Білім беруді дамыту орталығының әдіскері С.Баймұратов қорытынды сөзінде шебер сыныпқа қатысқан білім алушылар мен оларыдң жетекшілеріне, Өзбекстан республикасынан келген әріптестерге өз ризышылығын білдірді және алғысын айтты.
Өзбекстан Республикасының жоғарғы білім, ғылым және инновациялар министрлігінің Ташкент қалалық білім басқармасының маманы Исмайлов Бекзод Даниерович арадағы келісім шарт бойынша атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілей отырып, екі ел арасындағы білім беру ұйымдарының жұмысын жалғастыруда ынтымақ бірлігіміз арта берсін деген тілегін жеткізді.
Семинар соңында №13 колледж және Ташкенттен келген колледждер арасында естелік сыйлықтары табысталды.