«SAMRUK» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдасытруымен №13 колледжде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты Келес ауданы «Әжелер алқасы» төрайымы Әзімкулова Әділет апамен мүшелері Абай ауылдық әжелер алқасының төрайымы Артыкова Меруерт апа, Қошқарова Амина апа, Сатбаева Бибіажар апа
«SAMRUK» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдасытруымен №13 колледжде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты Келес ауданы «Әжелер алқасы» төрайымы Әзімкулова Әділет апамен мүшелері Абай ауылдық әжелер алқасының төрайымы Артыкова Меруерт апа, Қошқарова Амина апа, Сатбаева Бибіажар апа, Жоланова Хадиша апалардың қатысумен қазыналы қарияларымызға арналған мерекелік кеш болып өтті. Білімалушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, өз ата – бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылық пен мейірімділікке, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Мерекелік кешті директордың міндетін уақытша атқарушы Шынаев Нұржігіт ашып беріп, "Құрметті қонақтар, көрермендер, ақ жаулықты аналар мен ақылгөй дана қариялар! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер! «Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда ақылгөй қариялар болса жазылып қойған қатпен тең» - деген екен біздің бабаларымыз. Иә өмірді осы үлкендерсіз елестету мүмкін емес. Үлкендеріміз біздің алаңсыз күлуіміздің, нұрлы өміріміздің, тәтті ұйқымыздың бейбіт сақшысы бола білген, самайларын қырау шалып, жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз емес пе?
«Дария кеуде тау мүсін, Қарттарым аман –саумысың!?» деп сөзін қорытындылады.