Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау 2025 жылғы 25 маусымнан басталды!
2025–2026 оқу жылына 15 500 грант бөлінген, оның 9 600-і жұмысшы мамандықтарға қарастырылған.
IT, техника, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау және басқа да сұранысқа ие бағыттарда оқуға мүмкіндік бар.
Құжат тапсыру жолдары:
egov.kz порталы арқылы
немесе тікелей колледжге барып
Үміткерлерге:
4 мамандық
4 колледжді бір уақытта таңдауға болады!
Қабылдау мерзімі мамандыққа байланысты:
Толық ақпарат төменде 👇
Қажетті құжаттар:
1. Аттестат (9 немесе 11 сынып)
2. Жеке куәлік/туу туралы куәлік
3. №075-У медициналық анықтама
4. 3x4 өлшемдегі 4 фото
5. Өтініш (колледжде толтырылады)
Арнайы шарттар мен квоталар да қарастырылған (мүгедектігі бар жастар, көпбалалы отбасы балалары, ауыл жастары және т.б.)
Уақытыңды өткізіп алма! Армандаған мамандығыңды бүгін таңда!
Толығырақ ақпарат колледждерде және egov.kz порталында.