Жарияланған 15 July 2025

№13 КОЛЛЕДЖДЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2025 жылдың 25 маусымнан бастап Абай ауылында орналасқан №13 колледжде құжат қабылдау басталды.

2025–2026 жаңа оқу жылында грант негізінде 300 талапкерді қабылдау жоспарланып отыр.

Құжаттарды электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы немесе колледжге барып тапсыруға болады.

Жұмысшы біліктілігін алғысы келетін түлектер колледжге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

Сонымен қатар, колледжге қабылдау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота көзделген. Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық порталында танысуға болады.

1) Білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың күндізгі нысаны:

күндізгі нысаны: 25 маусым – 25 тамыз.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

1. Өтініш (колледжде арнайы үлгімен толтырылады)

2. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы:

• 9-сыныптан кейін – негізгі орта білім туралы аттестат

• 11-сыныптан кейін – жалпы орта білім туралы аттестат

3. Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме)

• 16 жасқа толмағандар үшін – туу туралы куәлік

4. Медициналық анықтама – №075-У форма (флюорография нәтижесімен)

5. 4 дана 3x4 өлшемдегі фотосурет