Жарияланған 26 January 2023

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!»

2023 жыл қоян жылына аяқ бастық. Жаңа жылдың басынан қатты аяз басталып, әліде сол суық сейілген жоқ

2023 жыл қоян жылына аяқ бастық. Жаңа жылдың басынан қатты аяз басталып, әліде сол суық сейілген жоқ. Осыған орай жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алу мақсатында №13 колледжде жастар істері жөніндегі инспектор Мамбетов Ербол Әбдіманапұлының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан жастары- жарқын болашаққа»! атты көңілді старт ойындары болып өтті. Бұл бас қосудағы мақсат жастар өз ой пікірің еркін-ашық жеткізе білуді үйренеді. Командалық ойындарда топпен жұмыс жасап үйреніп, бір-біріне сенім білдіру, бір- бірін тыңдай білу, ойды жан- жақты дамытады.

«Жаңа Қазақстан жастары- жарқын болашаққа»! атты көңілді старт ойындарын колледж директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Шынаев Нұржігіт Нурмагамбетович ашып берді. Ойын біренеше шарттан құралып, жастарды шапшаңдыққа, ептілікпен ұқыптылыққа тәрбиелейтін тапсырмалар жастардың көңілін көтеріп тастады. Әр ойынның шарты біткен соң студенттер өз ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісіп отырды.

№1 «Топқа бөлу» кезеңі болды. Онда қатысушылардың барлығы 2 ге сонан-соң 3 ке, 4 ке,.....10ға дейін бірігіп топ құрайды.

2-кезең: Әр команда өз топтарының аттарын және ұрандарын қояды. Команда мүшелерімен таныстырып өтті. Әр команда мүшесі өз командасындағы студенттердің аттарын жатқа айтты.

3-кезең: Топтың ұранымен таныстырады.

4-кезең: Лидер сайлап, өзін таныстырады. Лидер сайлау себебіміз тобын тыңдата білу, командалық жұмыстарда тобын алға жетелеу. Ойынның соңғы шарты әр команда 1 жоба дайындап оны қорғайды. Жастар «Жаңа Қазақстан жастарына не жетіспейді?» тақырыбында өздерінің дайындаған жобасын көпшіліктің алдында қорғап шықты. Жастар өздерінің бүгінгі іс-шараға қатысу арқылы керемет мотивация алғанын айтып, керемет әсерлерімен бөлісті.