«N13 колледж» МКҚК-да «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- БОЛАШАҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» атты тақырыбында өтетін бос жұмыс орны жәрмеңкесі және кәсіпорынмен танысу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында ашық есік күні болып өтті. Жиынды колледж басшысы Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы ашып берді. Сонымен Келес аудандық «Мансап» орталығы басшысы Темирбаева Нурипа Құралбекқызы, «Келес» жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Шара барысында «НУР АГРО» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім кәсіптік білім беру мен өндірістік тәжірибені ұштастыруға бағытталған. Меморандумға отыру мақсаты – колледжбен өндіріс орнының, арасында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасуына сондай-ақ, ұйымдардың өзара ынтымақтастық аясында бірлесіп жұмыс жасауға, ортақ мақсатқа қол жеткізуге және болашақта бір-біріне қолдау көрсетуге дайын екендігін ресми түрде бекіту.
1. Шара барысында колледждің Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану ,«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», Ауыл шаруашылығын механикаландыру, Есептеу техникасы және ақпараттық желілер
Тамақтандыруды ұйымдастыру және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарының арнайы пән оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы баяндама жасады. Шара барысында Мансап орталығы Келес ауданына қарасты өндіріс орындарының және аудан мекемелерінің бос жұмыс орындарына колледждің бітіруші студенттерімен аудан жастары арасында “АШЫҚ ЕСІК” күні жәрменкесіне ұласты.