Жарияланған 17 November 2023

«ЕЛ ЕРТЕҢІ- БІЛІМДІ ЖАСТАР!» АТТЫ СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ГАЛА-КОНЦЕРТІ

17-қараша халықаралық студенттер күні. Бұл күн колледжіміздің студенттері үшін естен кетпестей болуы үшін Келес ауданы әкімдігінің қолдауымен колледж табалдырығын аттаған 1 курс студенттеріне арналған «Ел ертеңі- білімді жастар!» атты студенттер қатарына қабылдау гала концерті болып өтті. Салтанатты шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев қатысып, тың идеяларға толы студенттерді мерекемен құттықтады.

17-қараша халықаралық студенттер күні. Бұл күн колледжіміздің студенттері үшін естен кетпестей болуы үшін Келес ауданы әкімдігінің қолдауымен колледж табалдырығын аттаған 1 курс студенттеріне арналған «Ел ертеңі- білімді жастар!» атты студенттер қатарына қабылдау гала концерті болып өтті. Салтанатты шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев қатысып, тың идеяларға толы студенттерді мерекемен құттықтады.

- Баршаңызды халықаралық студенттер күнімен құттықтаймын. Сіздер жастық шақтың ең қызықты белесі – студенттік өмірге қадам басып, қызыққа толы күндерді бастан өткеріп жатсыздар. Бұл күндердің сіздер үшін мәңгі ұмытылмас, сағынышқа толы кезең болып қалатынына еш күмәнім жоқ. Сіздерде қазір жастық, күш, талант, білім – барлығы бар. Тек соның бәрін ұштастырып, орнымен пайдалана білу керек. Ересек өмірге білікті маман ретіндегі қадамдарыңыз бүгіннен басталатынын ескеріп жүріңіздер. Сіздерден күтеріміз көп, сол күткен биіктерден көрінсеңіздер – сіздерге абырой, бізге мақтаныш. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, - деді аудан басшысы өз құттықтауында.

Аудан әкімінің орынбасары Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дәстүрлі түрде жылсайынғы болып өтілетін «WORLDSKILLS TURKІSTAN-2023» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатында жүлделі орындардан көрінген студенттерді марапаттады. Атап айтар болсақ: «Шанақты жөндеу» құзіреттілігі бойынша, ІІ орын күміс медаль иегері Аманбек Нұрбол Асқаржанұлын, «CAD Инженерлік графика» құзыреттілігі бойынша ІІ орын күміс медаль иегері Ералхан Жасұлан Алтынбекұлын, «Желілік әкімшілік және жүйелік әкімшілендіру» құзіреттілігі бойынша ІІІ орын қола медальен иегері Жорабай Бекарыс Бағланұлын, Халықаралық WORLDSKILLS қозғалысы стандарттарына сәйкес «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша «Үздік механизатор –2023» байқауының І – ші орын (ГРАН ПРИ) иегері Акимов Муротжан Улугбековичтерді, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, естелік сыйлықтарын табыс етті. Мерекелік шара барысында №13 колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы 1 – курсқа оқуға түсіп, кәсіп иесі атануды мақсат еткен өрендерге студенттік билет табыстады. Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысының орынбасары Нұрдаулет Бақытбекұлы

1. Жуман Жадыра Коспайқызын

2. Гуржиева Айша Яшаровананы

3. Тастемирова Севинч Муратқызын

4. Чухар-оглы Тензилені

5. Жәнібек Роза Жандарбекқызын

6. Кимсанбай Маржона Улканбайқызын

7. Махмуд Данияр Дилшодұлын

8. Қазыбек Шүкір Шыныбекұлын

9. Нышанкул Дана Ералықызын

10. Ерементай Нұрсұлтан Серикұлын Келес жастар ресурстық орталығының басшысы атынан алғыс хатпен марапаттады.

Іс-шара барысында отанымызға танымалы эстрада әншілері кешімізің көркін келтірсе, Ә.Кенжжев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің «Жастарды қолдау орталығы» бөлімі дайындаған концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осы іс-шараға қолдау білдірген Келес ауданы әкімдігіне, Келес ауданы ішкі саясат бөліміне, Келес аудандық мәдениет үйінің «Жастарды қолдау орталығы» бөліміне, Келес жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшылығына, №13 колледж педагогтерімен «SAMRUK» өзін-өзі басқару студенттік парламент мүшелеріне алғысымызды білдіреміз!