№13 колледжде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл ол қазақтың қазынасы" атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау, көптілділік пен мәдени әртүрлілікті құрметтеу құндылықтарын қалыптастыру.
Шара барысында тілдің адам өміріндегі және қоғам дамуындағы рөлі туралы ой-пікірлер айтылып, білім алушылардың тіл мәдениеті мен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттық бірегейліктің маңызды негізі. Ана тілін құрметтеу – ел тарихы мен мәдениетін құрметтеудің белгісі.
Тіл – татулықтың тірегі, ұлттың рухани негізі!





