Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі №0917/РПП17 хатына сәйкес, «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында №13 колледждің 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану 3W07161301 Автокөлікті жөндеу слесарі мамандығының студенттері Келес ауданы Абай ауылындағы ЖК "Такиров А.А" өндіріс орнына экскурсия жасады.
🔹Кәсіпорынға экскурсия барысында студенттер өздері таңдаған мамандықтарына сәйкес нақты өндірістік процестермен, заманауи жабдықтар мен технологиялармен, еңбек жағдайларымен танысып, өндіріс мамандарының күнделікті еңбегіне куә болды.
Сонымен қатар, болашақ мамандар жұмыс берушілердің кәсіби біліктілікке, практикалық дағдыларға, жауапкершілік пен еңбек тәртібіне қоятын талаптары жөнінде маңызды ақпарат алды.
Осындай өндірістік кездесулер жастардың кәсіби бағдарын айқындап, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және еңбек нарығына бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді.





