Колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті берген 2019 жылғы 21 ақпандағы №KZ24LAA00014222 білім беру қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясы және Түркістан облысы Әділет департаментінде тіркелген колледж Жарғысы негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік лицензиясының қосымшасына сәйкес колледж 8 мамандық, 16 біліктілік бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.





